9,11 сынып оқушыларының бағыт бойынша мамандық таңдауына сараптама » АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТАЛҒАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ “ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ АТЫНДАҒЫ №6 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕБІ” КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Алматы облысы білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің “Жамбыл Жабаев атындағы
№6 жалпы білім беретін орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қабылдау бөлімі:

+7 (727) 743-41-87
Нашар көрушілер
нұсқасы

Қош келдіңіздер!

13
шілде
2021

9,11 сынып оқушыларының бағыт бойынша мамандық таңдауына сараптама


9-11- сыныптарда мектеп бітірушілердің келешекте еңбекпен қамтамасыз етілуіне жәрдемдесетін кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді. 

Сынып жетекшілері 9- сынып оқушылары арасында кәсіби бағдар беру бойынша жүйелі жұмыс жүргізді. Элективті курстарды таңдауда, кәсіби бағдарға танымдық қызығушылықтарын диагносткалауда мотивацияны анықтау бойынша түрлі әдістер қолданылды Атап айтар болсақ: 

-психологтармен мамандық таңдау бағытын анықтау мақсатында әр түрлі 9,11 тест жұмыстары жүргізілді. Тест натижесі бойынша оқушылардың реалистік, интелектуалды, әлеуметтік, конвенциялы , тапыр, әртістік типтерге бөлінентіні байқауға болады. 

- мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары тарапынан  9-11 мектеп бітіруші түлектерден  қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ге сапалы дайындығы  мен  мамандық таңдау бойынша сауалнама жүргізілді. 

Сауалнамаға  оқушылар толық  жауап берді . Оқушылардан алынған сауалнама нәтижесі бойынша 11 сыныпта Мемлекеттік   қорытытынды аттестаттау кезіндегі    таңдау пәні  43 оқушының жауаптары сәйкес, ҰБТ-дегі  таңдау пәні 14 оқушының жауаптыры сәйкес келмейді.  Сауалнама нәтижелерін сараптай келе келесі мәліметтер анықталды:

11  сынып оқушыларынан алынған сауалнама бойынша 

55 оқушы  мамандық жайлы ақпаратты интернет желісінен алған, 2 оқушы мұғалімдердің кеңесі бойынша мамандық таңдаған;

 

Әр оқушы болашақтағы мамандықтарын өз еріктерімен, ешкімнің қысым көрсетуінсіз жасаған.

9  сынып оқушыларынан алынған сауалнама бойынша 





-оқушылардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары, тақырыптық және ақпараттық ата – аналар жиналыстары өтті: «Мамандық таңдау алдында», «Мамандық таңдауда балаға қандай көмек беруге болады?»


- оқушылардың жоғарғы оқу орындар, колледждердің өкілдерімен мамандық түрлері, оқуға түсу ережесі, болашақта жұмысқа тұру мүмкіндігі, бәсекеге қабілетті мамандықтар және нарықтағы сұраныс туралы ақпарат алып, көзбе-көз сұхбаттасуға оқу орындарымен  кездесулер ұйымдастырылды. Сонымен қатар оқу жылының Қашықтықтан оқыту кезеңіндеде онлайн профориентациялық жұмыстар жүргіліп отырды Соның ішінде: 

1)Талғар қаласының медколледжі, экономикалық колледж, политехникалық колледж, 

2)Т.Рысқулов атындағы экономикалық университет, 

3) Еңбек және әлеуметтік қатынастар қазақ академиясы (КазАТиСО), 

4)Қазақ Ұлттық аграрлық университеті. 

5) М.Тынышпаев атындағы ҚазККА 

6) Алматы қаржы-құқықтық және технологиялық колледж

7)Г.В.Плеханов атындағы Ресей экономикалық университеті

8) Есік медициналық колледжі

9) Қыздар педагогикалық университеті

10) Талдықорған жоғары политехникалық колледжі т.с.с 

 Осы бағыт бойынша жылдың соңында негізгі мектепті 122 бітірушілердің 82 оқушысы колледжжге баратын болып, 40 оқушы 10-сыныпқа қалады. 

Шешімі :

  1. Сынып жетекшілері тарапынан кәсіби бағдар беру бойынша сыныптан тыс   әңгіме, дебат т.с.с  түрінде іс-шаралар ұйымдастырылсын;
  2. Педагог-психологтар тарапынан оқушылармен «менің таңдауым» тақырыбында жеке кеңестер ұйымдастырылсын.


Оқу ісі жөніндегі орынбасары:            Альниязова Ж.С

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалықтар

Жаңалықтар топтамасы

Біздің ұжым