«Үздік сынып жетекші-2022» байқауы
«Ж.Жабаев атындағы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар
№6 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Үздік сынып жетекші-2022» байқауына
АНЫҚТАМА
17.01-28.01.2022 ж. аралығында Ж.Жабаев атындағы №6 жалпы білім беретін орта мектебінде «Үздік сынып жетекші-2022» байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың алға қойған негізгі мақсаты: қазіргі қоғамдағы тәрбиенің рөлін арттыру, жалпы білім беру жүйесіндегі тәрбие үрдісін жетілдіру, тәрбие субьектілерінің құзырлығын дамыту мақсатында ұйымдастырылып отыр. Кәсіби деңгейі жоғары, шығармашыл және талантты тұлғаны анықтау, сыныптың тәрбиелік тәжірибесін басқару субьектісі ретінде сынып жетекшілерінің шығармашылық тәжірибесін айқындау арқылы тәрбие жүйесінде озат педагогикалық тәжірибесін анықтау, тәрбие жүйесінде инновациялық және шығармашылық идеяларын көрсету болып табылады. Яғни, сынып жетекшінің педагогикалық тәжірибесі осы тұрғыдан анықталады.
1. Байқауды ұйымдастырушы: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары.
2. Байқауға қатысушылар: 1-10 сынып жетекшілері.
3. Байқау шарты: Әр сыныптан 1 (бір) жетекші /мысалға 1 сыныптар бойынша 1 жетекші/ 1-10 сыныптардың жетекшілері ұсынылады және сынып жетекшілік қызметі 3 (үш) жылдан кем болмауы тиіс.
Байқаудың ережесіне сәйкес, негізінен 2 кезең бойынша өткізілді. 1-кезең бойынша сайысқа қатысушылар, сынып жетекшісінің жаңа үлгідегі инновациялық жұмыстарының жинағы (портфолио) ұсынылды. Сырттай байқау құжаттарды зерделеу арқылы жүзеге асырылады. 1-кезең портфолио жұмыстары төмендегі критериялар бойынша бағаланды:
- сыныбы туралы жалпы мәлімет;
- жетістіктер; (2 бет көлемінде)
- тәрбиенің бағыттары бойынша қысқаша жүргізген жұмыс түрлері;
- дарынды баламен жұмыс;
- қиын баламен жұмыс;
- ата-анамен жұмыс;
- кері байланыс түрлері;
Сырттай зерделеу кезеңіне құжаттар 2022 жылдың 21қаңтарна дейін қабылданды.
Сынып жетекшісінің портфолиосын бағалағанда мына нәрселер басшылыққа алынды:
Байқаудың екінші кезеңінде «Мен және менің сыныбым» презентациясы, (әр бір сайыскер 5 минут ішінде өзі және сыныбы туралы бейнеролик немесе Microsoft Office Power Point (10 слайдтан аспау керек) форматында орындалған слайд түрінде толық мәлімет беруі тиіс. Презентацияда тәрбие жұмысының басым бағыттары, сынып ұжымының ерекшеліктері, сыныптың дәстүрлері және т.б. көрініс табуы керек. Оқушылардың тәрбие үдерісіне қатысу кезіндегі (жұмыс үстіндегі) фотосуреттерін қолдануға, музыкамен, спецэффектермен сүйемелдеуге болады деген талаптар қойылды.
2 – тур
1-кезең бейнеролик, презентация жұмыстары төмендегі критериялар бойынша бағаланды:
- педагогикалық этиканың көрінісі мен педагогикалық шеберлігі;
- идеяның үйлесімділігі, тұлғаның шығармашылығы;
- ойын жинақтау қабілеті, белсенділілігі;
- материалды жүйелі, қарапайым, нақты түсінікті, методикалық тілмен баяндау;
- тәрбие жұмысы бағыттарының қамтылуы, тәрбие мақсатының негізделуі;
- қиын оқушылар және олардың ата-аналарымен ұйымдастырылатын жұмыстың түрлері;
- көрсетілімнің қисындылығы, мазмұнды еркін меңгеруі, ширақтылығы;
ІІ-кезең «Ұшқыр ойдан белсенді әрекетке» деп аталады. Сайыскерлерге ұсынылған шиеленісті жағдайды шешудің алуан жолдары, педагогикалық болжамдауларды, шешімінің әсерлілігі анықталады. (2-3 минут)
«Үздік сынып жетекші-2022» байқауына төменде көрсетілген білікті ұстаздардан комиссия мүшелері құрылды:
- Мектеп директоры - Ахметова Гулмира Тойганбековна
- Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - Джапарова Шахмира Давлетжановна
- Орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі-Туякова Назгуль Мергенбаевна
- Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі - Қойлыбаева Гулшат Пернебайқызы
- Мектеп психологі - Гладких Татьяна Валереевна
- Мектеп психологі -Жадикова Нургуль Амандосовна
Мектеп әкімшілігі мен тәжірибелі ұстаздарымыздан құралған сарапшыларымыз, байқауға қатысушы сынып жетекшілердің жұмыстарын зерттей келе, мынандай шешімге тоқталды:
«Бас жүлде» Ердалиева Жанна
1 орын – Нурсеитова Г.С.
2 орын – Родионова И.В.
3 орын – Адильбаева Г.А.
Шешім:
- «Үздік сынып жетекші-2022» байқауының ұйымдастырылуы қанағаттанарлық деп танылсын;
- Байқауға қатысушы кейбір сынып жетекшілердің Бекарыс А., Набиева А., Палкина Ю.А. жұмыстары толықтырылсын;
- Алда болатын аудандық «Үздік сынып жетекші - 2022» байқауына «Бас жүлде» иегері Ердалиева Ж.Ж. қатыстырылсын.
- Жас сынып жетекшілердің жұмысын бақылай келе тәрбие бағытының 8 бағыты бойынша семинар өткізілсін.



ДТІЖО Джапарова Ш.Д.
Бекеева М.Б.