17
сәуір
2024
"Ұшқын" зерттеу сабағы
17.04.2024 жылы "Ұшқын" тобының 3-ші цикл, 1-ші зерттеу сабағы 7 "Б" сыныбында география пәні бойынша "Көлік инфрақұрылымы" тақырыбында өтті. "Қыдырып қайтайық" әдісі арқылы психалогиялық ахуал туғызды. Сабақта айқындалған проблемалық сұраққа байланысты бағалаудың бірнеше түрін қолданды. "Топтарды" бағалау, "Қолпаштау сөздер", "10 балл" арқылы бағалады. "Жұмыртқа әдісі", "Кескін картамен жұмыс", "Мәліметтер сөйлейді" әдіс-тәсілдері арқылы тапсырмаларды орындатқызды. "Трубочка" әдісі арқылы сергіту сәтін жүргізді. Оқушылар "Білім қазынасы" арқылы кері байланыс жүргізді.