28
тамыз
2025
2025-2026 оқу жылының №1 педагогикалық кеңесі
2025-2026 оқу жылының басында мектепте №1 педагогикалық кеңес өткізілді. Кеңес жұмысына мектеп әкімшілігі, педагогикалық ұжым, жас мамандар мен тәлімгер ұстаздар толық қатысты.
Мектеп директоры А.Ж.Байсаринова педагогикалық кеңестің маңыздылығын атап өтіп, жаңа оқу жылындағы негізгі мақсаттар мен міндеттерге тоқталды. Ол ұстаздардың кәсіби дамуы мен оқушылардың білім сапасын арттыру – білім ордасының басты басымдығы екенін айтты. Сондай-ақ Президент Қ.Тоқаевтың және Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаевтың тамыз кеңесінде белгілеп берген бағыттарының мектеп ұжымының алдағы жұмысына бағдар болатынын ерекше атап өтті.
Педагогикалық кеңес барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев пен ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаевтың 2025 жылғы республикалық тамыз кеңесінде ұстаздар қауымына арнаған негізгі басым бағыттары жөніндегі бейнематериал көрсетілді
Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралып, шешім шығарылды.
1. 2025-2026 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері.
– Жаңа оқу жылына енгізілген әдістемелік нұсқау хаттың мазмұны түсіндіріліп, мұғалімдерге басты бағыттар таныстырылды.
2. 2025-2026 оқу жылына арналған мектептің жылдық оқу-тәрбие жоспарын бекіту.
– Оқу-тәрбие жұмысының негізгі бағыттары айқындалып, әдістемелік, тәрбие және қосымша білім беру жұмыстарының жоспары бекітілді.
3. Мектептің ұйымдастыру қызметі.
– Білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыру, қауіпсіз білім беру ортасын құру, инклюзивті ортаны құру бағыттары талқыланды.
Кеңес соңында педагогикалық ұжым жаңа оқу жылына арналған нақты міндеттерді қабылдап, бірауыздан қолдады.
