02
қыркүйек
2024
"Мектебім-мейірім мекені" салтанатты іс-шара
02 қыркүйек 2024ж. «Жамбыл Жабаев атындағы №6 жалпы білім беретін орта мектебінде» «Мектебім-мейірім мекені» тақырыбында білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілді. Мақсаты:жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойында білімнің басымдылығы мен маңыздылығын және жағымды көңіл-күй қалыптастыру Балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, үлкен – кішіге деген.
«Мектебім-мейірім мекені» салтанатты алғашқы қоңырау жиыны 9:00-9:45 аралығында мектеп алаңында өткізілді. Бірінші сынып оқушыларын өзінің ізгі тілегімен мектеп директоры Байсаринова А.Ж. жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Бірінші сынып оқушылары өз кезегінде мәнерлеп өлеңдерін оқыды. Жоғары сынып оқушылары сыйлықтар табыстады. Алғашқы қоңырау …