26
қыркүйек
2020
"Оқыту мен оқудағы инновациялық технологиялар" атты семинар-коучинг
25.09.2020жылы мектебімізде "Жас мамандар"мектебінің жоспарына сай мектеп тренерлері "Оқыту мен оқудағы инновациялық технологиялар" атты семинар-коучинг өткізілді. Коучингті жас мамандармен танысу мақсатында есіміне сын есімді жалғап айта отырып таныстық. Миға шабуыл немесе коучинг тақырыбын ашу мақсатында бейнероликті тамашалады. Жас мамандар видео арқылы өз ойларын ортаға салды."Дейін-Кейін" тәсілі арқылы тақырып бойынша не білетіндерін, коучинг аяғында не білгендерін жазып, кестені толтырды. Болашақта тәжірибелі ұстаздар өздерінің тәжірибесімен бөліседі деген ойдамыз.