«Наурыз – думан» мерекесі » АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТАЛҒАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ “ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ АТЫНДАҒЫ №6 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕБІ” КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Алматы облысы білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің “Жамбыл Жабаев атындағы
№6 жалпы білім беретін орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қабылдау бөлімі:

+7 (727) 743-41-87
Нашар көрушілер
нұсқасы

Қош келдіңіздер!

11
наурыз
2022

«Наурыз – думан» мерекесі

Тақырыбы: «Наурыз – думан» мерекелік қойылымы.
 Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық салт – дәстүрді таныстыру. Қазақтың ұлттық өнерінен, мәдениетінен тәлім – тәрбие беру. Ұлтжандылыққа, әдептілікке тәрбиелеу. Сахнада, көпшілікте өзін – өзі ұстауға дағдыландыру.
 Көрнекіліктері: көрпе, жастық, қамшы, ұршық, бесік, үйшік, қамыс, кілемше, шырақтар т. б.
 Барысы: Сахна әсем шаңырақпен безендірілген, Р. Рымбаеваның «Наурыз – думан» әні әуелеп тұрады.


 1 - 
Макпал: Құрметті  ұстаздар! «Наурыз – думан» мерекесін бастауға рұхсат етіңіздер!
 2 - 
Данияр: Жаңа жылды қарсы алу, барша халықтың дәстүрлі мерекесі. Әр халықтың өзінше мерекесі болады. Мұсылман халқының жаңа жылы «Наурыз» айының 22-сі. Ұлы қазақ халқы жаңа жылын «Наурыз» дейді.
 1 - Жүргізуші: Кеңінен елге таралған,
 Негізі ерте қаланған.
 Еңбек шаттық жыл басы,
 Наурыздан бастап саналған.
 2 - Жүргізуші: Наурыз келсе құт келгені халайық,
 Есік ашып, шашу шашып,
 Ел боп қарсы алайық.
(шашу )
 
 1 - Жүргізуші: Ұлы халқымыздың, әлімсақтан тұрмыстық мерекесі болып келген, жаңа жыл мейрамы – Наурыз мейрамы құтты болсын халайық.
 2 - Жүргізуші:
МАКпал, жаңа жыл әлі келе қойған жоқ, осы әредікте, ескі жылды есте қаларлықтай етіп, жақсылығын марапаттап, табыстарын құрттай санап, асылдарын жүктей қаптап, моншақтай тізіп алайық та, бір мақтап, мадақтап. (марапаттау)
 1 - Жүргізуші:
Данияр! Сіздің өткен жылды қимайтындай сыршыл екеніңізді білсемші. Өткен жылда еліміздің іргесі аман, қазанымыз бүтін болды. Біреуміз екеу болып, басымызға бас қосылды, жаңа шаңырақтар көтерілді. Өмірге жас нәрестелер келіп, ұрпақ өсті.
 2 - Жүргізуші: Иә, еліміздің егемендігі нығайып, халқымыздың тәуелсіздігі артты. Газет, журналдар, теледидар қазақ тіліне көшіп болды. Басқа ұлттың өкілдері қазақ тілінде сөйлейтін болды. Тіліміздің мәртебесі артты деген осы емес пе құрбым.
 1 - Жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың, құрбым! Жақсылық тек жақсылыққа жалғаса берсін. (Бұрылып қарап) Оу, бізге қонақ келе жатқан сияқты.
 (Сахнаға Қыдыр баба шығады. Ұл балалар тізерлеп бата тілеп отырады.)
 Қыдыр бабаның батасы:
 Ұлыстың ұлы күнінде,
 Ұлың оңға қонсын,
 Қызың қырға қонсын,
 Қыруар малың өріске толсын,
 Елдеріңнің іргесі берік болсын,
 Жасқа құрмет, кәріге күтім болсын,
 Сөздерің серттей берік болсын,
 Еккендерің өнімді болсын,
 Өмірлерің көңілді болсын,
 Төрт - түлік төлді болсын,
 Баққандарың шөлді болсын,
 Ақ көп болсын,
 Уайым – қайғы жоқ болсын,
 Сапарларың оң болсын,
 Дәулетіңді асырсын,
 Дұшпаныңды басырсын.
 Әумин!
 
 ( Сахнаға Жер ана шығады. Қыз балалар тізерлеп отырады.)
 Жер ананың аластау рәсімі:
 Алас, алас пәледен алас,
 Алас, алас б
әледан алас,
 Алас, алас жаманнан алас,
 Көзі жаманның көзінен алас
 Тілі жаманның тілінен алас,
 Елімнен алас, жерімнен алас,
 Алас, алас! Алас, алас!

1 - Жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,
 Жақсы ән мен жақсы күй
 Көңілге түрлі ой салар,
 Әнді сүйсең менше сүй.
 Айгерим әні« Наурыз көктем»
 
 

 Сахналық көрініс. 
 ( Сахнаға
 жігіттер Абай, Ербол; қыздар Алтынай Айдана.)
 
Айдана ән «Беу айдай»
 1 - Жүргізуші: Наурыз жырын жырлаймыз
 Онымен де тұрмаймыз.
 Шыңдалып жеткен бұл күнге,
 Ел дәстүрін сыйлаймыз.
 Қазақтың 
ұлттық ойыны: «Арқан тартыс»


2 - Жүргізуші: Мың бұралған арулар аңдап басып,
 Келеді міне ортаға толқып басып,
 Аруларын сыйлаған халқым менің,
 Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
 Көрші ауылдан келген биші қонақ қыздарымызды қарсы алайық. Ортада ұйғыр биі.
 
 Би біткеннен кейін, жақсы тілектер шашылады (айтылады): Жаңа жыл құтты болсын! 
Ақ мол болсын! Қайда барса жол болсын. Ұлыс бақты болсын! Төрт-түлік ақты болсын! Бәле-жала жерге енсін! Ұлыс береке берсін! Жұрт аман-есен болсын!

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалықтар

Жаңалықтар топтамасы

Біздің ұжым