Мектеп асханасының санитариялық-эпидемиологиялық талаптары » АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТАЛҒАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ “ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ АТЫНДАҒЫ №6 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕБІ” КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Алматы облысы білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің “Жамбыл Жабаев атындағы
№6 жалпы білім беретін орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қабылдау бөлімі:

+7 (727) 743-41-87
Нашар көрушілер
нұсқасы

Қош келдіңіздер!

07
қыркүйек
2021

Мектеп асханасының санитариялық-эпидемиологиялық талаптары

"Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 6 тамызда № 23890 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
 
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жығы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережесінің 16-тармағының 132-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      157. Білім беру ұйымында білім алушылар мен қызметкерлерге көліктік қызмет көрсету жүргізілетін өз көлігі болған кезде жүргізушілер қолдарын өңдеуге арналған антисептикпен және оларды міндетті түрде қажетті жиілікпен ауыстыра отырып, қорғаныш құралдарымен (маскамен), сондай-ақ әрбір рейс алдында автокөлік салонына дезинфекция жүргізу, кейіннен желдету арқылы жабдықталады.

      158. Білім беру ұйымының әкімшілігі үй-жайларды жинауғаарналған дезинфекциялау және жуу құралдарының, қызметкерлердің қолдарын өңдеу, тыныс алу ағзаларының жеке қорғаныш құралдарының азаймайтын (кемінде бір ай) қорын қамтамасыз етеді.

      Дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдар жіберіледі.

      159. Дезинфекциялау құралдары вирустық инфекциялар кезінде дезинфекциялау режимі көрсетілген, оларға қоса берілетін нұсқаулықты қатаң сақтаған кезде қолданылады.

      160. Дезинфекциялау құралдары өнім берушінің ыдысында (қаптамасында) заттың атауы, оның мақсаты, заттаңбадағы жарамдылық мерзімі көрсетіле отырып сақталады. Ыдыстыңзаттаңбасы дезинфекциялау құралын сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңінде сақталады, бөгде адамдарға берілмейді және қараусыз қалдырылмайды.

      161. Оқу, жаттығу, өзге де ұйымдастыру процестері мен жұмыс режимінің кестесіне сәйкес ауаны зарарсыздандыру жөніндегі жабдықты пайдалана отырып, ауаны тұрақты зарарсыздандыру және үй-жайларды желдету жүргізіледі.

      162. Вирулицидтік әсер ететін дезинфекциялық құралдары бар сыныптарды күніне кемінде 2 рет ылғалды жинау, есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, сүйеніштерді, баспалдақ марштарын, байланыс беттерін (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), жалпы пайдалану орындарын (спорт, акт залдары, киім ілетін орындар, асхана, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялау, сондай-ақ профилактикалық тексеру, жөндеу, оның ішінде сүзгілерді ауыстыру, ауа өткізгіштерді дезинфекциялау жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етіледі.

      Үй-жайларды күрделі жинау аптасына кемінде 1 рет жүргізіледі.

      163. Жинау мүкәммалы (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланылғаннан кейін арнайы бөлінген орындарда өңделуге және сақталуға жатады.

      164. Білім беру ұйымдарында ауыз су режимін сақтау қамтамасыз етіледі.

      Ауыз су, оның ішінде ыдыстарға құйылған (графиндер, шәйнектер, бөшкелер) немесе қауіпсіздік сапасының көрсеткіштері бойынша бөтелкеге құйылған су нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес келеді.

      Жеке бөтелкедегі ыдысты пайдалануға рұқсат етіледі. Ішу үшін таза ыдысты (шыны, фаянс, бір рет қолданылатын стақандар) пайдаланады. Қайнатылған ауыз суды үш сағаттан аспайтын уақыт сақтаған жағдайда пайдалануға жол беріледі.

      Ауыз су режимін ұйымдастыру үшін объект басшысының бұйрығымен жауапты адам тағайындалады, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің объектіде болған барлық уақыт ішінде ауыз суға еркін қол жеткізуі қамтамасыз етіледі.

      165. Бастауыш, орта және негізгі орта деңгейдегі білім беру ұйымдарында асханада тамақтану қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша және тиісті аумақтардың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің келісімі бойынша ұйымдастырылады.

      166. Асханада оқушыларды отырғызу олардың арасындағы кемінде 2 м әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып қамтамасыз етіледі.

      167. Бірнеше рет қолданылатын ыдыстарды пайдалану кезінде – оны өңдеуді арнайы жуу машиналарында, оны пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, 65 оС төмен емес температурада 90 минут бойы ыдыс-аяқ пен асхана аспаптарын дезинфекциялауды қамтамасыз ететін өңдеу режимдерін қолдана отырып немесе оларды қолдану жөніндегі талаптарға сәйкес дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, сол температурада қолмен жүргізеді.

      168. Ыдыс-аяқты қолмен жуу үшін асхана ыдыстарына арналған үш секциялы ванналар, шыны ыдыстар мен асхана құралдарына арналған екі секциялы ванналар көзделуі қажет.

      169. Асхана ыдыстарын қолмен жуу мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) тамақ қалдықтарын механикалық жою;

      2) ваннаның бірінші секциясында жуу құралдарын қоса отырып, суда жуу;

      3) ваннаның екінші секциясында температурасы 40 °С-тан төмен емес суда жуу және ваннаның бірінші секциясына қарағанда екі есе аз мөлшерде жуғыш заттарды қосу;

      4) ваннаның үшінші секциясында тұтқалары бар металл торда ыдысты температурасы 65 °С төмен емес ыстық ағынды сумен себезгі саптамасы бар икемді шланг көмегімен шаю;

      5) барлық асхана ыдыстары мен аспаптарын оларды қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес дезинфекциялау құралдарымен өңдеу;

      6) ваннаның үшінші секциясында тұтқалары бар металл торда ыдысты себезгі саптамасы бар икемді шланг көмегімен ағынды сумен шаю;

      7) ыдысты торлы сөрелерде, стеллаждарда кептіру.

      170. Ыдыс жуғыш машина істен шыққан кезде ыдыстарды қолмен жууға жағдай жасау, жуу және дезинфекциялау құралдарымен, щеткамен, шүберекпен қамтамасыз ету және ыдыс жуу сапасын бақылау қажет.

      171. Асхана қызметкерлері (сатушылар, аспазшы, даяшылар, кассирлер және тамақ өнімдерімен тікелей байланысы бар басқа да қызметкерлер) өз қызметтерін қолын жиі өңдей отырып, медициналық немесе мата маскаларын киіп (маскаларды 3 сағатта кемінде 1 рет ауыстыру) көрсетеді.

      172. Жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін (немесе кемінде 6 сағаттан кейін) үй-жайларды дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, есік тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқаларын (креслолардың шынтақшаларын), тамақтану залына (асханаға) кіре берісте қол жууға арналған Раковиналарды дезинфекциялау сулықтарымен (немесе дезинфекциялау құралдарының ерітінділерімен) сүрту жолымен желдету және ылғалды жинау жүргізіледі.

      173. Вирустар мен микроорганизмдерді жою үшін экспозиция уақыты және препаратқа арналған нұсқаулыққа сәйкес дезинфекциялау құралының жұмыс ерітіндісінің концентрациясы сақталады.

      174. Өңдеуден кейін беті сумен жуылады және қағаз сүлгілердің немесе бір рет қолданылатын сулықтарың (шүберектердің) көмегімен кептіріледі.

      175. Дезинфекциялау құралын пайдалану регламенті жекелеген дезинфекциялау құралдарын қолдану жөніндегі нұсқаулықпен айқындалған, онда дезинфекциялау құралын экспозициядан кейін жуу қажеттілігі немесе қажеттілігінің болмауы түсіндіріледі.

      176. Бір уақытта қолданылатын асхана ыдыстары мен аспаптарының саны ұйымның қажеттіліктерін қамтамасыз етуі керек. Жарықтары, сынықтары, шеттері сынған, пішіні өзгерген, эмалі зақымдалған ыдыстарды пайдалануға жол берілмейді.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалықтар

Жаңалықтар топтамасы

Біздің ұжым